Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің белсенді студенттері Алматы қаласындағы №1 балалар үйінде болды, - деп хабарлайды Мassaget.kz тілшісі.
«Болашақ» Қауымдастығының ұйтқы болуымен өткен шараға №1 балалар үйінің жиырмаға тарта тәрбиеленушісі қатысты. Шараның басты мақсаты балалар үйі тәрбиеленушілерінің өмірлік және азаматтық ұстанымдарын қалыптастыру, отансүйгіштік санасын тәрбиелеу, ой-санасы қалыптасқан шығармашыл жеке тұлғаны даярлау және болашақ өмірінің бағыт-бағдарын айқындау болды.
№1 балалар үйінде 3 жастан 18 жасқа дейінгі 140 бала тәрбиеленуде. Жақында ғана 18-ден асқан 20 бала арнайы Жастар үйіне жіберілген.
Белсенді студенттер «Сіз де біздей боларсыз...» деген атпен балаларды оқу-білімге үндеп, университет өмірімен таныстырды. Өнерлі жастар ән салып, өлең оқыды.
Шара барысында жастар түрлі тренингтер ұйымдастырып, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалар да өз кезегінде түрлі сұрақтар қойып, сұқбат жасады.
Кештен фоторепортаж:
Кеш соңында балаларға «Болашақ» Қауымдастығы әзірлеген арнайы сыйлықтар тарту етілді.
Автор: Шерхан Талапұлы, Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: ©Massaget.kz