«Қазпочта» АҚ бірінші автоматтандырылған почта станциясын іске қосты

«Қазпочта» АҚ бірінші автоматтандырылған почта станциясын іске қосты

"Қазпочта" АҚ Алматы қаласында бірінші автоматтандырылған почта станциясы (постамат) коммерциялық пайдалану үшін іске қосылғаны туралы хабарлайды. "Ритц палас"  сауда орталығында бірінші постаматтың ашылу рәсімінде "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин: «Бұл постамат  - компания процестерін автоматтандырудың ұзақ мерзімді процесіндегі бірінші қарлығаш», -деді. 

"Процесті автоматтандырудың арқасында, клиенттер үшін жөнелтілімдерді постаматтар желісі арқылы жіберу қызметтеріне арналған баға дәстүрлі почта бағасынан төмен болады. Бұл тарифтер өзіндік құн мен желінің сервис қызмет көрсетуі ескеріліп әзірленді. Осы жоба  - қашықтықтан сауда жасаудың дамуына біздің компаниямыздың қосқан кезекті үлесі және біз Қазақстандағы электрондық коммерция дамуының локомотиві мәртебесін бекітуге ниеттіміз",  - деп атап өтті "Қазпочта" АҚ Басқарма Төрағасы Бағдат Мусин.

Постаматтардың жеке желісін енгізу және оның жұмыс істеуі –  бұл әлем елдері почта әкімшіліктерінің жетекші әлемдік тәжірибесі. Почта жабдығын пайдалануға енгізу екі кезең аясында жүзеге асырылады және ол алдын ала талдау бойынша, шамамен 2 жыл уақытты алады.

"Қазпочта" АҚ 54 жасақталған  және  интеграцияланған қызмет көрсету станцияларынан тұратын постаматтардың жеке желісін құруды жоспарлап отыр. Ағымдағы жылдың аяғына дейін Астана қ.  6 постамат, Алматы қ. - 10 постамат және Қарағанды қ. 2 постамат орнатылатын болады.

Постамат – интернет-дүкендерде, каталогтармен және т.б. тапсырыс берілген тауарларды беру және сақтау бойынша әртүрлі өлшемді жәшіктермен жабдықталған терминал.

Постаматта тапсырыстарды алу процесін басқару үшін сенсорлы экранмен жабдықталған консоль бар. Өзінің тапсырысын алу үшін, клиентке сенсорлы консольда sms-хабарлама арқылы алған арнайы кодты енгізуі қажет. Постаматтар, әдетте, қала халқының ең көп жиналатын жерлерінде орнатылады, бұл «Қазпочта» АҚ клиенттеріне қосымша жайлылық жасауға мүмкіндік береді, клиенттердің постаматтарды тұрғылықты жерлеріне жақын жерде, вокзалдарда, ірі сауда орталықтарында, гипермаркеттерде, офисті ғимараттарда және қала көшелерінде таңдау мүмкіндігі бар.

 Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: "Қазпочта" АҚ баспасөз қызметі 

Р. Роза