Жақында «Қазнет Дода» атты қазақ тіліндегі сайттар байқауы басталған болатын. Байқау ақпараттық технологияны енгізу мен ҚазНеттің жетістіктерін насихаттау үшін қызмет етеді.
Байқауды ұйымдастырушы – «Ұлттық Интернет Ассоциациясы». Атап айтсақ:
Екі кезеңнен тұратын байқау мына номинациялар бойынша өткізіліп отыр:
1. Мемлекеттік органдар;
2. Білім және ғылым;
3. БАҚ және жаңалықтар;
4. Жеке сайттар;
5. Мәдениет;
6. Спорт;
7. Қоғамдық ұйымдар;
8. Мекемелер мен компаниялар;
9. ҚазНет тұлғалары.
Байқау қорытындысы 7 желтоқсанда, Екінші Астана Интернет Форумы кезінде өткізіледі.
Сурет: kaznetdoda.kz, alashainasy.kz, altyn-orda.kz, facebook.com
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова