"Қазгидромет" Қазақстанның шығысы мен солтүстік аймақтарына өткір аяздың аяңдап келе жатқандығын айтып, ескерту жасады.
"7-8 қараша арасында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында температураның күрт төмендеуі орын алатын болады. Ауа температурасы түнде 13-18, кейбір жерлерде 25 градус нөлден төмен болса, күндіз 5-10, кей аймақтарда 15 градус суық болады", - делінген таратылған ақпаратта.
Синоптиктердің айтуынша, бүгін Шығыс Қазақстан облысында көктайғақ орын алып, желдің жылдамдығы 15-20м/с-қа жетеді. Ал түнде Ақмола және Павлодар облыстарында боран соғады.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yuga.ru