Қазақстанның солтүстігінде қыс жалғасады

Синоптиктер наурыз айында Қазақстанның оңтүстігінде жылы болып, солтүстігінде қыс жалғасатынын айтты. Бұл туралы ҚазТАГ «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады, деп жазады nur.kz.

«Қазақстан аумағының оңтүстіктен солтүстікке едәуір созылуы республиканың әр өңіріндегі ауа райының әр келкілігін тудырады. Қазақстанның оңтүстігі үшін наурыз кәдімгі көктем айы болса, солтүстігінде әлі қыс жалғасады. Биылғы наурыз айы өте құбылмалы болады», - деді гидрометорталықтың белді инженері Айгүл Мыңжанова дүйсенбі күні.

Мысалы, антициклон ықпалымен айдың басында еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Республиканың солтүстік-шығысында солтүстік-батыс ағымдарынан онда суық болып, жауын-шашынды болады. 

«Бірақ 4-5 наурызда қазақстандықтар ауа райының айтарлықтай суытқанын көреді. Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде термометр бағаны түнде минус 20 градус, күндіз минус 10 градусқа дейін төмендейді. Қалған өңірде оңтүстік циклон ықпалынан жылы ауа райы қалыптасып, +5+13 градус болады, жауын-шашын және көктайғақ болуы да ықтимал», - деді Айгүл Мыңжанова. 

Мерекелік 7-9 наурызда, алдын ала болжам бойынша, республиканың басым аумағында күн ашық болады, тек батысында ғана жауын-шашындатып, тұман түсіп, көктайғақтанады.

«Астанада ала бұлтты, ауа температурасы -3-пен -8 градус аралығында болады. Алматыда мейрам күндері жауын-шашынсыз, ауа температурасы +5+10 градус аралығында болады», - деді «Қазгидромет» маманы.

сурет: livejournal.com