- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанның рекордтар кітабы...
Қазақстанның рекордтар кітабы
Қазақстан рекордтар кітабы бірінші рет 1999 жылы жарық көрді. Гиннестің Рекордтар кітабының ізімен шыққан алғашқы басылым орыс тілінде әрі суретсіз шықты. Одан кейінгі Қазақстан рекордтар кітабы қазақ, орыс тілдерінде, суретпен шыға бастады.
Қазақстан рекордтар кітабына енген қызықты рекордтарды назарларыңызға ұсынамыз.
- Қазақтар туралы алғашқы картографиялық ақпарат 1558-1559 жылдары Еуропадан Орта Азияға сапары кезінде Батыс Қазақстанды кесіп өткен ағылшын саудагері А.Дженкинсон картасында пайда болды. Оның картасы 1562 жылы Лондонда шығарылды. Картада cassax (қазақ) деген жазу бар.
- Алматы қаласында 1999 жылы мамырда Қазақстандағы бірінші гипермаркет "Рамстор" ашылды.
- Қазақстан жеріндегі ең биік шың Хан-Тәңіріне (6995 м) 1936 жылы 24 тамызда шыққан бірінші қазақстандықтар Е.Колокольников, И.Тютюнников, Л.Кибардин болды.
- Республикалық "Жылдың үздік мұғалімі" бірінші сайысы 1991 жылы өтті. Бірінші "Жылдың үздік мұғалімі" Тұрмағамбет Дәулетұлы Дәулетов, Қызылорда қаласы 36 саз орта мектебінің мұғалімі болды.
- Орал қаласында 1830 жылы тұрғындар үшін бірінші 15 кереуеттік аурухана ашылған.
- Бірінші кіндік шеше – Надежда Лебедева (1868 жылы 24 сәуірде Медицина департаменті және Ішкі істер министрлігі Ішкі Ордаға жұмысқа жіберген).
- Бірінші әйел-дәрігерлер: Гүлсім Жафарқызы Асфендиярова (1880-1941), Аққағаз Досжанова (1893-1936).
- Мұхтар Әуезов (1897-1961) қазақ әдебиетіндегі көп жанрды жасаушы болды. Ол қазақтың бірінші драмасын, бірінші опера либреттосын, бірінші эпопея, сондай-ақ 1933 жылы Абайдың бірінші ғылыми өмірбаянын жасады. 1999 жылы қарашада қоғамдық шаралар қорытындысы М.Әуезовты "Ғасыр адамы" деп таныды.
- Мұхтархан Ділдәбеков бокс бойынша ең қысқа уақыт ішінде бастаушыдан ең абыройлы салмақ категориясында әлемдік класс боксшысы деңгейіне жетті. 21 жаста қолғап киіп, 26 жасқа жақын Азия чемпионы және әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.
- Қазақстандағы ең ыстық жер – Шардара (Оңтүстік Қазақстан облысы), мұнда ауа температурасының абсолюттік ұлғаюы +47 градусқа жетеді.
- Әлемнің ең өміршең ағашы – Түркістан аршасының мөлшерлі жасы 3000 жыл.
- Алматыдағы зілзалаға ең шыдамды үй Гоголь, Пушкин көшелері бұрышында орналасқан. Ол 19 ғасырдың 70 жылдарында салынған. 1887,1910 жылдары апатты жер сілкінулерін басынан өткерген.
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Р. Роза