Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты аяз болады

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде қатты аяз болады

"Қазгидромет" республикамыздың оңтүстік өңірлерінде қарлы боран тұратынын айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Today.kz. 

Мекеме таратқан мәлімдемеде былай делінеді: "Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарында температура айтарлықтай төмендейді. Алматы, Жамбыл облыстарында жылдамдығы секундына 5-10 метр болатын жел тұрады. Солтүстік облыстарда 23-28 градус аяз болады. Оңтүстік Қазақстанда 0-5 градус нөлден төмен болады. Қызылордада 15-20 градус аяз болса, Батыс өңірде ауа температурасы 25 градус нөлден төмен болады".

13-16 желтоқсанда синоптиктер болжамы бойынша, Алматы, Жамбыл облыстарында 10-15, кей аудандарда 23-27 градус аяз болмақ. Солтүстік өңірлерде 30 градус салқын болады. Оңтүстік Қазақстанда 10-15, кей жерлерде 20-25, ал Қызылордада 20-30 градус аяз болады.

Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарында 15-20 м/с болатын жел тұрса, Шығыс Қазақстанда тұман түседі деп күтілуде. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: alashainasy.kz

Б. Қосмағамбет