- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанның қай өңірінде...
Қазақстанның қай өңірінде қыздар жігіттерден көбірек?
Алматыда 20-30 жас аралығындағы 100 әйелге 81,1 ер адамнан келеді екен. Бұл туралы ҚР ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz сайты хабарлады.
Тәуелсіздік алғаннан бергі кезеңде халық саны 2 миллионға өскен. Яғни өсу көрсеткіші 12,2 пайызды құрап отыр (2018 жыл, 1 қараша). Егемен ел болғалы Қазақстанда 8,7 миллион адам өмірге келген. Ең жоғарғы көрсеткіш 2006 жылы тіркелген. 400,6 мың нәресте өмір есігін ашқан. Жыл бойғы статистика бойынша әрбір жетінші сәбидің біреуі Түркістан облысында дүниеге келеді екен.
Жігіттердің қыздардан көп болуы көрсеткіші бойынша Алматы көш бастап тұр. 20-30 жас аралығында 183,6 мың ер адам, 226,4 мың әйел адам бар екен. Астанада - 97,7 мың ер адам, 111,0 мың әйел бар. Шымкентте бұл көрсеткіш - 86,1 мың ер, 35,2 мың әйел.
Ақтауда 100 әйелге 105,5 ер адамнан келеді екен. Жігіттердің көп екені байқалады. Қызылордада бұл статистика тең дәрежеде. 100 әйелге 100,4 ер адам шамасында. 100 әйелге шаққандағы ерлер саны көрсеткіші өзге қалаларда төмендегідей:
Тараз - 94,8 ер адам
Талдықорған - 94,1
Қарағанды - 92,6
Орал - 90,1
Көкшетау - 91,5
Павлодар - 90,9
Шымкент - 90,4
Өскемен - 90,1
Петропавл - 89,9
Ақтөбе - 89,3
Астана - 87,9
Қостанай - 86,9
Алматы - 81,1
Халықтың өмір сүру жасы 1992-2017 жылдар аралығында ұзарған. Ерлерді 62,4-тен 68,72-ге жоғарылаған. Әйелдердің өмір сүру жасы 72,3-тен 76,92-ге ұзарған. 1992 жылы ерлер мен әйелдердің өмір сүру жасының арасы 9,8 жыл болса, 2017 жылғы статистика бойынша 8,2 жылды құраған.
Н. Үсенова