Қазақстанның қай қаласында әйелдер саны басым?

Қазақстанның Қостанай қаласында әйелдер саны басым. Қостанайда нәзік жанды арулар қаланың жергілікті халқының 55,2%-ын құрайды екен. 

Шығыс пен батыс әйел қауымының көп шоғырлануымен алда келеді. Ал Алматы бұл тізімде жетінші орында. Елордамыз елу үшінші орынға табан тіреген. 

Ал ер адамдар еліміздің қай аумағында көп? Қызылорда облысына қарасты Қазалы қаласы нағыз ер адамдар қаласы болып саналады. Өйткені онда әйелдер жергілікті халықтың 48%-ын ғана құрайды екен.

Әйелдер көп шоғырланған Қазақстанның 10 қаласы:

Қостанай 55,2% 

Петропавл 55,1%

Өскемен 54,9%

Павлодар 54,7%

Орал 54,5%

Зыряновск 54,5%

Алматы 54,4%

Қарағанды 54,4%

Жетіқара 54,3%

Степногорск 54,2%

Бұл тізім бойынша Тараз жиырмасыншы, ал Шымкент отыз сегізінші орында. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Суреттер: mail.ru, forbes.kz