Қазақстанның ең лас 10 қаласы анықталды

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Қазақстанның ластану деңгейі жоғары 10 қаласын атады.

"Атмосфералық ауаның мониторингі бойынша 45 өнеркәсіптік қаланың 10-ы ауаның ластану деңгейінің жоғары екенін көрсетеді. Бұл Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент", - деді министр. Үкімет отырысында.


Оның айтуынша, қалалардың ластануына құрал-жабдықтардың тозуы, зауыттардағы шаң тазарту қондырғыларының тиімсіздігі, жаңғырту мен қайта құру жұмыстарының жүргізілмеуі, көмірді пайдалану себеп болып отыр.

"Қалдықтарды басқару саласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының санитарлық-экологиялық талаптарына сәйкес келмеуі, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу деңгейінің төмендігі және стихиялық полигондардың проблемасы бар", - деді Брекешев.

Сондай-ақ, Брекешев ауаның ластануы мен қалдықтарды басқару жүйесінің жетілдірілмегендігі Қазақстандағы басты экологиялық проблема екенін айтты.