- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанның 10 облысында...
Қазақстанның 10 облысында тұман түседі
4 наурыз күні еліміздің көп бөлігінде тұман түседі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
"Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл көлі аумағында жел секундына 22-27 метрге дейін күшейеді, күндіз жел екпіні секундына 30 метрден асады", - делінген хабарламада.
Синоптиктердің болжамына қарағанда, республиканың барлық аумағына бұрынғысынша ауқымды антициклон ықпал етеді, соған байланысты елімізде ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Еске салайық, бұған дейін синоптиктер наурыз айының суық болатынын хабарлаған еді. "Қазгидрометтің" мәліметінше, солтүстік-шығыстан басқа өңірдің барлығында күн ашық болады. Көктемнің алғашқы күндерінде солтүстіктегі түнгі ауа температура 8-18 градусқа, күндіз 5 градусқа дейін төмендейді. Ал оңтүстікте түнгі мезгілде 2-12 градус суық, күндіз 0-10 градус жылы болады.
Сурет: photonews.mn
Н. Айдархан