Қазақстандықтардың саны 16 миллион 896 мыңға жетті. Бұл туралы "Қазинформ" хабарлады.
Осы орайда статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайлов елімізде демографиялық саясатты жетілдіру жұмыстары жүріп жатқандығын айтты. Оның айтуынша, қазір статистикалық тіркеу жүйесі құрылып жатыр. Статистика органдары ақпаратты Әділет министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Ішкі істер минситрліктері және Ұлттық қауіпсіздік комитетінен алып отырады.
Айта кетелік, 2009 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан Республикасының халқы 17 200 000 санына тең болған еді. Ал 2011 жылдың 1 қаңтарына 16 441 959 адамды құрады. 2010 жылдың басында халық саны 16 204 617 адам болатын.
Елдегі халықтың қоныстануы әрқилы екендігін де айтып өтелік. Алтай, Тянь-Шань таулары өзен атыраптарында жиірек қоныстанған. Қазақстанның ірі қалалары немесе облыс орталықтарының көпшілігі (Астана, Қарағанды, Жезқазған қалаларынан басқасы) шекараларға айнала жақын орналасқан. Халық тығыздығы ең жоғары облыстар Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары, ең сирек қоныстанған облыстар Маңғыстау, Атырау, Қызылорда облыстары.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: sksportkz.yvision.kz