Қазақстандықтар 22 сәуір күні метеорлық жауынға куә болады. Ғалымдар бұл астронмиялық құбылысты "лиридтер" деп атап отыр. Айта кетелік, лиридтер дегеніміз – Лира шоқжұлдызынан шығып келе жатқандай әсер қалдыратын метеорлар немесе метеорлар ағыны.
В.Г.Фесенков атындағы Ай мен планеталар физикасы астрофизикалық институтының лабораториясының жетекшісі, профессор Виктор Тейфелдің айтуынша, бұл жауын интенсивті болмайды. Сағатына тек бірнеше метеорды ғана бақылауға болады. "Бірақ Ай тым жарық болса, тіпті көрінбеуі мүмкін. Сондықтан құбылысты мейлінше таңға жақын бақылаған дұрыс", - деді ғалым.
Айта кетелік, лиридтер туралы ең алғаш біздің заманымызға дейінгі 687 жыл бұрын сөз болып, Цзо чжуаньда байқалған. Ал осы аймақтағы метеор ағынының қайталанып тұратындығы 1830 жылы белгілі болды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: yk-news.kz