Шілде айында Құрбан айт мейрамы болады, мейрам 2021 жылы 20 шілдеге (сейсенбі) сәйкес келеді. Сондықтан, 20 шілде бес және алты күндік жұмыс апталары да мемлекеттік демалыс болып саналады.
Жалпы шілдеде 20 жұмыс күні және 11 демалыс бар.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған адамдар саны өсіп жатыр. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5648 (бір күн бұрын 5314) адам анықталды.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда Құрбан айт мейрамын тойлауға қосымша шектеулер енгізілген болатын.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин де "Құрбан айт мейрамын тойлау кезінде бұқаралық іс-шараларды шектеу туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен, 20-22 шілде аралығында қалада меншік түріне қарамастан ұйымдарда, жеке үй шаруашылықтары мен медреселерде адамдардың жаппай жиналуы (айт намазын қоса) іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.
Төрт түлік малды сату үшін сою цехтары мен базарларының жұмысына, малды союға, оны автокөлікте және жеке үй шаруашылықтарында сатуға тыйым салынды.
Сонымен бірге Қазақстанда міндетті вакцинацияның жаңа шарттары бекітілді. Бұл қаулыға сәйкес вакцина алмаған қызметкерлер жұмыс орнына келуге тыйым салынады.
Жаңа талап вакцинаға медициналық қарсы көрсетілімі бар және кейінгі үш айда коронавирус ауруын жұқтырғандарға қатысты емес.
Жаңа қаулыға сәйкес, вакцинаның I компонентін 10 тамызға дейін, II компонент 1 қыркүйекке дейін егілуі тиіс.
Сонымен қатар Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысымен қызметкерлері коронавирусқа қарсы вакцинациялауға міндетті нысандардың тізімі жаңартылды.