Халықтың азық-түлікке жұмсайтын шығыны бір жыл ішінде алты пайызға өсті. Қазақстандықтар алкоголь ішімдіктерге бір жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда аз қаражат жұмсай бастаған.
2021 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтардың азық-түлік тауарларына шығысы жан басына шаққанда 96,7 мың теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 4,6 пайызға артық.
Аймақтық тұрғыдан алғанда, ең үлкен шығын Алматы қаласының тұрғындарына тиесілі. Алматылықтар азық-түлік үшін айына 127,2 мың теңге жұмсайды. Павлодар (117,1 мың теңге, +18,1 пайыз) және Шығыс Қазақстан (116,5 мың теңге, +5,3 пайыз) облыстары да үштікке кірді, бұл аймақтың тұрғындары да азық-түлікке көп шығындалады.
Азық-түлік тауарларына ең аз шығын Шымкентте тіркелді – 72,1 мың теңге, баға былтырғымен салыстырғанда 11,2 пайызға өскен.
Еліміздің 17 аймағының тек үшеуінде өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік шығындарының төмендеуі байқалған. Олар: Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Алматы.
Сектордағы шығындардың көп бөлігі тікелей азық-түлік пен алкогольсіз сусындарға түскен. Еліміздің тұрғындары азық-түлік пен сусынға 90,2 мың теңге жұмсайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,5 пайызға көп.
2,6 мың теңге (+0,9 пайыз) темекіге, 2,4 мың теңге (-9,5 пайыз) үйден тыс тамақтануға жұмсайды. Алкогольді ішімдікке шығын 14,4 пайызға немесе 1,3 мың теңгеге дейін төмендеген.
Азық-түлік және алкогольсіз сусындар санаттары тұрғысынан шығындардың үштен бірінен астамы ет пен ет өнімдерін сатып алуға кетеді екен. Бір жылда орташа есеппен 31,2 мың теңгеге ет сатып алады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,9 пайызға көп. Нан-тоқаш өнімдері мен жарма өнімдеріне (14,3 мың теңге, +12,4 пайыз), сүт өнімдеріне (9,6 мың теңге, +10,4 пайыз) шығындар айтарлықтай өскен.
Ең көп шығын жұмыртқаға кететіні анықталды. Қазақстандықтар жұмыртқаға орташа есеппен 2,1 мың теңгеге жұмсайды. Бұл былтырғымен салыстырғанда 37,1 пайызға көп. Қант, кондитерлік өнімдер және тәттілер сияқты өнімдерге шығын 5,8 мың теңгеге дейін (0,2 пайызға) төмендеген.