Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?

Қазақстандықтар азық-түлікке қанша ақша жұмсайды?
Фото: НТВ

2017 жылдың соңғы тоқсанында тұрғындардың азық-түлікке жұмсайтын орташа шығыны 145,6 мың теңге болды. Бұл 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10% көп (132,5 мың теңге).

Шығындардың өсімі Жамбыл облысында тіркелді. Жамбылдықтар 92,6 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін (өсім – 20,4%) жұмсап қоятын болып шықты.

Ал ШҚО мен Қызылорда облысының тұрғындарының азық-түлікке бөлетін шығыны 14,5% және 14,1% ұлғайды. Еліміз бойынша тек Маңғыстау облысында ғана тұрғындардың орташа шығыны қысқарды: минус 1,7%, 127,9 мыңнан 125,7 мың теңгеге дейін.

Алматы мен Астана тұрғындары өзге өңірлерге қарағанда көп ақша жұмсайды — 203,1 мың және 173 мың теңге. Қарағандылықтар мен ШҚО тұрғындары да шығыны көп аймақтарға жатады — 158,5 мың және 142,1 мың теңге.

Ал ОҚО, Қызылорда және Жамбыл облысының азаматтары ең аз ақша жұмсайтын өңірлерге жатады. Бұл қала тұрғындары 2017 жылдың соңғы тоқсанында 101,4 мыңнан 111,4 мың теңгеге дейін ақша жұмсайды.

 baq.kz

Н. Үсенова