- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстандықтар 2022 жылы...
Қазақстандықтар 2022 жылы қалай демалады?
2022 жылы қазақстандықтар 245 күн жұмыс істеп, 120 күн демалады. Назарыңызға Келер жылғы мереке мен демалыс күндерін ұсынамыз.
2022 жылдың ең ұзақ демалыс күндері:
Қаңтар – Жаңа жылда 4 күн демаламыз (1- 4 қаңтар);
Наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде 3 күн (6-8) және Наурызда 5 күн демаламыз (19-23);
Мамыр –Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай 4 күн демаламыз (7-10);
Желтоқсан – Тәуелсіздік күні 4 күн қатарынан демаламыз (16-19).
Православиелік Рождество мерекесі, 7 қаңтар, жұмаға сәйкес келеді, сондықтан демалыс үш күнге созылады (7-9). Ал Құрбан айт – сенбі, 9 шілдеге сәйкес келіп тұр. Заң бойынша, діни мерекелер демалыс күндеріне түссе, жұмыс күніне ауыстырылмайды.
Айта кетейік, 2022 жылы қазақстандықтар сенбіде – 5 наурызда және 27 тамызда жұмыс істейді. Есесіне демалыс күндері ұзағырақ болады.
Т. Раушанұлы