- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстандық телеарналар әлемнің...
Қазақстандық телеарналар әлемнің 110 елінде көрсетілетін болды
«Ақпараттық Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы іске асырылатын болды. Жоба отандық ақпараттық-мәдени өнімдердің деңгейін көтеру мақсатында қолға алынды.
ҚР Ақпарат және Мәденит министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша, қазақстандық телеарналар 110 мемлекеттің аймағында таралатын болды. Ал баспа электронды БАҚ интернет бетінде 95 пайызға көтеріледі екен.
Нәтижесінде, 2020 жылы отандық телетаратылым өнімдерінің жалпы эфирдегі уақыты 60 пайызға көтерілсе, «.kz» және «.КАЗ» интернет сайттары мен домендері 2012 жылмен салыстырғанда 2020 жылы 50 пайызға дейін артпақ. Бұл дегеніңіз жыл сайын мемлекеттік және жеке 15 телеарналық жоба болады деген сөз.
Ал баспасөз мамандарының біліктілігі 100 пайыздық көрсеткішке 2017 жылы қол жеткізбек.
Дархан Мыңбай, ҚР Ақпарат және Мәдениет министрі:
- Алға қойған мақсаттарымызды жүзеге асырсақ, ақпараттық кеңістіктегі отандық ақпарат қызметі бәсекеге қабілетті болады. Әлеуметтік маңызы бар жаңалықтарды халыққа жеткізу қызметі 2017 жылы 65 пайызға өссе, ал 2020 жылы 75 пайыздық көрсеткішке ие болмақ.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Коллаж: Уалихан Қосанбай
А. Құлтай