Қазақстандық Тамирис Халықаралық байқауда жеңіске жетті

Петропавлдық 6 жасар Тамирис Байматова ЮНЕСКО клубы ұйымдастырған Халықаралық балалар байқау-фестивалінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы bnews.kz порталы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Петропавл қаласында тұратын 6 жасар Тамирис осылайша әкесіне оның кәсіби мерекесі – Жол полициясы күніне орай керемет сыйлық жасады. «Петушок» балабақшасының тәрбиеленушісі ЮНЕСКО клубы ұйымдастырған Халықаралық балалар байқау-фонкурсының жеңімпазы атанды.

Альбом беттеріндегі өз туындыларын кішкене Тамирис әкесінің жұмысына, яғни жолдағы қауіпсіздік мәселелеріне арнаған. Полицей белгісі бар машина, жолдағы балалар, жол полицейлері – оның балалық суреттерінде жиі кездесетін бейнелер.

Ал жақында оның жануарлар мен өсімдіктер әлемінің жылы, қанық түстеріне бөленген кішкене қыз басты кейіпкер болып табылатын туындысы назардан тыс қалмады. Тамирис «Балалар әлемді суреттейді» атты халықаралық конкурсының жеңімпазы атанды, онда Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстаннан 200-ден астам жұмыс ұсынылды. Бүгінде оның суреті «Балалар әлемді суреттейді» жобасын жүзеге асыру аясындағы балалар шығармашылығы кітабына шығарылды.

«…Жандары жайсаң жас дарындар барлығы үшін ашық үлкен және бейбіт әлемнің жан-жақты білімді азаматтары болады деген сенімдемін» - делінген ЮНЕСКО істері жөніндегі ҚР ұлттық комиссиясының төрағасы Иманғали Тасмағамбетовтың кітап бетіндегі сөзінде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: ©Светлана БОЯРСКАЯ