Қазақстандық спортшы вингсьютпен секіруден рекорд орнатты

Артем Филиппов вингсьютпен секіруден Қазақстан рекордын жаңартты. Ол 12 қазанда АҚШ-тың Мемфис штатында вингсьютпен және парашютпен 9 мың метр биіктіктен секірді.

Спортшы 18 шақырымды 4 минут 30 секундта бағындырды. Айта кетейік, секіру кезінде "борттағы" температура Цельсий шкаласы бойынша минус 45 градустан төмен болды. Ол оттегі маскасын киіп, жоспарланған жеріне сәтті қонған.

Дереккөз:  Tengrinews.kz