Қазақстандық синоптиктер "бейсенбіде аяз болады" деп ескертті

Қазақстандық синоптиктер "бейсенбіде аяз болады" деп ескертті

Бейсенбі, 31 қаңтарда Қазақстанның біраз бөлігінде аяз, оның ішінде оңтүстік өңірде тұман, көктайғақ болады деп хабарлайды "Казгидрометке" сілтеме жасаған Today.kz.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында желдің күші секундына 23-28 метрді құрайды. Қызылорда, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, жер көктайғақ болмақ.

Ақтөбе облысында күн суытып, қарлы боран болуы ықтимал. Астанада күн ала бұлтты, қар жаумайды, 10-12 градус аяз болады. Алматыда да қар жаумайды, күн 3-5 градус нөлден жоғары болады деп болжанады.  

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: Михаил Голубев

Б. Қосмағамбет