Бүгінгі таңда жаңадан отау тігіп жатқан жастар қалыпты әрі дәстүрлі неке қию тойлардан бас тартып жатыр. Көбі, шамалары келгенше, өздерінің өмірде бір рет қана тойланатын мерекелерінің ерекше өткенін қалайды. Осының қамымен енді біразы "атын шағарамын деп жер өртеуге" де дайын.
Осы жылдың он жетінші тамызында Алматыда тағы бір ерекше үйлену той өтпек. Қайда? Қалай? Қазақстандық жұп заңды некеге ТЖО орталығында тұрмақ. Той да сонда өтеді. Той кезінде полиция қызметкерлері жас жұбайларға отбасылы өмірді растайтын техникалық төлқұжат яғни неке куәлігін табыстамақ.
Креативты жақсы көретін күйеу жігіт пен қалыңдық - сирек кездесетін автолардың табынушысы. Сондықтан бұл ерекшелікке толы шара "Кортежді безендір" арт-жобасымен аяқталмақ. Тойға жиналған қонақтар жас жұбайлардың ретро-автосын бояйды. Ұйымдастырушылардың сөзінше, шара кезінде боялған автокөлік Оңтүстік астанамыздың назар аударарлық көрнекті дүниесі ретінде сақталмақ.
Аталмыш тойдың ұйымдастырушысы да, авторы да - event-агенттігінің иесі Виталий Дорц. Осы жылдың маусым айында Алматы қаласында өткен "Бақытты гүл шоғы" жобасының да авторы осы Дорц болатын. Ол кезде жеті рет рекорд жаңартылған болатын.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: mail.ru