Қазақстандық химик ғалым Ерлан Досжанов "Еуразияның үздік жас ғалымы" сайысында жеңімпаз болды. Бұны Конкурсқа ТМД елдерінен келген жүзден астам ғалым қатысты. Жерлесіміздің жұмысы "Қоршаған орта экологиясы" номинациясында үздік деп танылды.
Ерлан Досжанов – PHD докторы, Жану проблемалары институтының ғылыми қызметкері. Ғалым жерді мұнай ластануынан тазартудың әдісін ойлап тапқан. Досжанов ол үшін микроағзаларды қолдануды ұсынды. "Бұл әдіс арқылы топырақты 73-90 пайызға дейін тазартуға болады. Көмірсутектер тотығып, соңында су мен көмірқышқыл газы бөлініп шығады", – деп түсіндірді Досжанов.
Айта кетелік, Ерлан Досжанов топырақтың ластануының себебін биохимиялық әдіспен табу жобасының авторы.