Қазақстандағы туризм: Семей қаласы

Қазақстандағы туризм: Семей қаласы
Фото: google.com

Семей – ұлан асыр еліміздің шығыс бөлігінің батыс өңірінде орналасқан ірі қала. Ертіс өзенінің жағасынан орын тепкен қаланың (селолық округтерді қоса есептегенде) 27,5 мың шаршы метрді құрайды.

Гринвич есебімен 500 ендік және 800 бойлық сызықтары қиылысында, Семей қаласынан тура батысқа қарай 40 километр Дегелең тауында Еуразия супер-құрылығының Географиялық орталығы анықталған.

Келісті өңірдің климаты өзгеше географиялық орналасуымен ерекшеленеді, яғни, құрылықта, мұхиттардан әлдеқайда алыс орналасқан.

Бұл өңірде тамашалуға болатын біршама көрікті орындар мен мекендер бар. Тарих пен тылсымға толы ғимараттар да оыс қаланың көркін ашатындай. Мәселен:

– Шебер Ғабулла Эфенди салған бір мұнаралы мешіт XIX ғасырдың ІІ жартысында бой көтерген.Ғимарат қала құрылысына және сәулет ескерткіштерінің қатарына жатады. Бұл мешіт әлі де қызмет жасап тұр.

– Сәулетші Болбатов салған қос мұналары мешіт 1856-1862 жылдардың еншісінде.Бұл ғимарат та қала құрылысы және сәулет ескерткіштерінің сапына енеді. ХІХ ғасырдың мұсылмандық сәулет үлгісі. Мешіт татар көпесінің қаржысына түрік жобасымен салынған. Бұл мешіт те жұмыс істеп тұр.

– Бекіністің үш қақпасынан сақталған батыс Ямыш қақпасы да дәл осы – Семейде. 1773жылы  инженер капитан И.Г.Андреевтыњ басшылығымен қақпа және оның қабырғалары салынған болатын. Ямыш қақпасы – XVIII ғасыр, дәлірек айтқанда 1776 жылдың қала құрылысы және сәулет ескерткішіне жатады.

– Невзоровтар отбасы атындағы мұражай. Бұл мұражай да қала құрылысы және сәулет ескерткіші өатарына енеді. Сонымен қатар, ғимарат – көпес Степановтың бұрынғы үйі. 1827 жылы салынған. Революциядан кейін ғимаратта жеке мемлекеттік мекемелердің орналасуына рұқсат берілген.

– Қазіргі Тарихи-өлкетану мұражайының ғимараты – 1856 жылы салынған бұрынғы губернатордың үйі. Қала құрылысына және сәулет ескерткішінің қатарына енеді. Сәулетшінің есімі белгісіз. Революцияға дейін ғимаратта әскери губернатор тұрған.

– Қазіргі Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражай-үйінің ғимараты – бұрынғы почтальон Липухиннің үйі, 1857-1859 жылдары жазушы Ф.М. Достоевский тұрған үй. 1838 жылы қала құрылысы және сәулет ескерткіші құрамын енген. Мещан үлгісінде салынған ғимарат – көне Семейге тән үйлердің бірі. Музей кешені 1,5 ќабаттық ағаш үйден тұрады. Жартылай жертөледе 3 бөлме, жоғарғы қабатта 4 бөлме, ХІХ ғасырға тән үлгі бойынша: асхана, қонақ бөлме, кабинет және жатын бөлмелерден тұрады. Бөлмелер аласа – 2,45 метр, бірінші қабат терезелері қақпақтармен жабылады.

– Абай тұрған Алаш арыстарның бірі Анияр Молдабаевтің үйі. ХІХ ғасырдың соңындағы қала құрылысы және сәулет ескерткіші қатарына енеді. Төртбұрышты, ағаштан салынған үйдің төменгі қабаты жоғарғыдан кішілеу, терезелері қақпақталған. Екі қабаттың да терезелері оюланған, үйдің қабырғасына орыс және қазақ тілдерінде «Бұл үйде 1878-1904 жж. ұлы ағартушы ақын Абай Құнанбаев тұрған» деп жазылған 2 мемориалдыќ тақта ілінген.

– «Өлімнен де күшті» мемориалы. 1991 жылдың 29 тамызында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды. 2001 жылы 29 тамызында Семейдің «Полковничий» аралында Семей ядролық полигонның құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» ескерткіш қойылды. Ескерткіш жобаның авторы – Шота Уәлиханов.

– Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір 2000 жылы 17 қазанда ашылды. Ертіс өзені арқылы өтетін аспалы көпір құрылысының жобасын ұсынған жапондық Исакавадзима Харима Хеви Индастриз Компания ЛТД компаниясы, Шығыс Қазақстан Облысы Әкімдігінің қолдауымен салынған.

– Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы. 1940 жылы 16 қазанда Абайдың 95 жылдық мерейтойына орай ашылған. Алғашында қазіргі Абай көшесі, 83-үйде ұйымдастырылды. Ал 1944-67 жылдары қазіргі Комиссар көшесі 132-үйде орналасып, 1967 ж. музейдің экспонаттар қоры көбеюіне байланысты мемлекеттік архитектуралық ескерткіш болып саналатын Ленин көшесі, 12-үйге көшірілді. Музейдегі 13 мың экспонат қоры (оның 7500-і негізгі қор) 7 дербес тақырыптық залдарға орналасқан.

Г. Берік