Маңғыстау облысы тарихи жәдігерлер мен мәдени мұраларға бай өлке. Мұндабірнеше ғасырлар бойы мекен еткен көшпелілердің өмір салты мен қоғамдық қатынастарына сай, барлық өзіндік құрылыс шеберліктері және архитектуралық ілімдерін ата-бабаларына қойылатын ескерткіштер орналасқан. Біз бүгін сол тарихи ескерткіштер жайында айтпақпыз. Тарихи ескерткіштер халықтың ең баға жетпес құндылығы, бай мұрасы. Маңғыстаудағыосы күнге дейін сақталған археологиялық ескерткіштердің көпшілігі біздің ата-бабаларымыз жерленген қорымдар. Қазақ халқы қашан да Өлі риза болмай, тірі байымайды деген сөзді есінде ұстап, үнемі өлілерге құран бағыштап, келер ұрпаққа амандық тілеген. Дана халқымыз қорған-обалардың жанынан дұға оқымай, ақ байламай өтпеген. Киелі Маңғыстау өңірінде 362 әулиенің болғандығы айтылады. Олардың барлығы да тірі кезінде елге, халыққа қалтқысыз қызмет еткен делінеді.Әр әулиенің өзіне тін қайталанбас қасиет ерекшеліктері болғаны елге аян. Тіпті оларжайында халық арасында, көптеген қызықты әңгімелер сақталған. Бұл өлкеге барсаңызМаңғыстау ескерткіш-белгі көптеген киелі орындарға кезігесіз. Соның ішіндеСабынды әулие деген қасиетті қорым бар. Сабынды әулие Маңғыстау ауданының Ақтөбе ауылдық кеңесіне қарасты, Қарабарақтының оңтүстік жағында орналасқан ескілікті қорым. Топырағы кәдімгі сабын сияқты көпіршиді, кір ашады. Бұл табиғи қасиеті әлі күнге дейін сақталып келеді. Жергілікті тұрғындар осы қорымның топырағының қасиетіне қарай оны Сабынды әулие деп атаған. Ал ескі қорымға келіп түнеушілердің қатары қай кезде де аз болмаған. Саназар әулие қазіргі Форт-Шевченко қаласынан 35 километр қашықтықтағы киелі орын. Саназар Адайдың Тобыш, оның ішінде Жаңайдың малын бағады. Бай, Саназардың бойындағы қасиетін аңғарады да, оған арнайы еншісін беріп, өз алдына отау көтереді. Сөйтіп, өзімен тең дәрежеде ұстайды. Біреуден түңіліп, ренжісе, жаны күйіп қарғаса айтқаны мүлт кетпейді екен. Саназар әулие 18 ғасырдың II жартысында өмір сүрген. Кейін Саназар әулие бейітінің тұсынан зиярат етпей, бұрылмай өткен адамның ойлағаны орындалмай, жолы болмайды. Қазіргі таңда осы әулиенің ұрпақтары Маңғыстау облысының әр шалғайында кездеседі. Айназар әулие (1790-1870 жж.) Форт-Шевченко қаласынан 8 шақырымдай қашықтықтағы Шүйді сайының басталар тұсындағы ескі үлкен қорым екен. Айназар әулие тарихта болған адам. Оның ұрпақтары қазіргі таңда Маңғыстау мен Қарақия аудандарында тұрады. Айназар асқан көреген, аңшы, қасиет-қабілеті таңғажайып, небір аңыздарға желі болған адам екен. Аңыз бойынша Айназар отырықшы ел тыныштығын бұзған айдаһарды атып, құлатқан. Ел ішінде ұстатпйтын, саудырмайтын ешкілерге Адайдың Айназар әулиесіне жолыққыр деген қарғыс сақталған. Көпшейіт Қазіргі Ақшымырау кеңшарының Сарғат деген жеріндегі шамамен 13 ғасырда бой көтерген ескі қорым. Негізінен перзент көрмеген әйел адамдар түнейтін киелі орын деседі. Қаңғырқаз әулие Шайырдың батыс ағындағы киелі орын, ескілікті қорым. Маңында қара тастан қаланған медресе, әлде мешітке ұқсас бір құрылыс орыны сақталған. Аңыз бойынша жаугершілік заманда қылышынан қан тамған жаулары осы жерде бала оқытып отырған молданы 40 шәкіртімен бірге өлтіріп кеткен. Солардың қатарынан Қаңғырқаз есімді шәкірт өзгелерден оқшау барып жан тапсырған кекен. Сол жерге өзгелерден бөлектеу жерленген шәкірт қабірінен тамыр тартып қос бәйтерек өсіп шығады. Бірақ осы қос бәйтерек Бекет-Ата дүние салған күні бір сәтте жапырақтарынан айырылып,тамырымен қопарыла құлайды. Осыған байланысты жергілікті тұрғындар Бекет-Ата Қаңғырқаздың аян-пірі болыпты деседі.