Егеменді еліміздің қай өңірі болмасын өзіндік табиғатымен, көркемдігімен ерекшеленді. Алтайдан Атырауға дейінгі ұланғайыр, қарасаң көз тоймайтын кең байтақ жердің барлығы қазақ даласы. Тәуелсіз Қазақстанда туризм саласы жылдан жылға даму үстінде. Біз алдыңғы жазбамызда Маңғыстау өңіріндегі Бекет ата мешіті туралы айтқан едік. Бүгін сіздерге 360 әулие жатқан осы Маңғыстау өңірі туралы ақпарат беруді жөн көрдік. Республиканың басқа аймақтарына қарағанда Маңғыстауда сәулет ескерткіштері өте көп. Солардың бірегейі Бекет ата мешіті. Ертеде ғұмыр кешкен Түмен Балтабасұлы, Нұрым Шыршығұлұлы, Бала Ораз Өтебайұлы, Насихат Сүгірұлы сияқты жыр сүлейлері Бекет ата туралы жыр толғаған.Бекет Ата жерасты мешіті Шопан Ата қорымынан 100 км шығыста орналасқан. Бұл жерде қазақ халқының ұлы данасы Бекет Мырзағұлұлының өзі жерленген. Тау кесесі Шерқала Маңғыстауға барған адамды өзінің сұлулығымен, жұмбағымен баурайтын жерлердің бірі тау кесесі Шерқала. Кейбір адамдароны шөлін қандырған жолаушының төңкерген кесесіне ұқсатады екен. Ал, енді біреулерітауды бір жағынан киіз үйге, екінші жағынан жасырынып тұрған жануарға ұқсайтынын алға тартады. Аңызға сенсек,Шерқаланың жоғарысында қалашық болған көрінеді.Бетпақ даланың ортасында тәкаппар жұмбақ мүсінді тау Шерқала биіктен көрінеді. Қарақия ойпаты немесе Батыр көлі Қарақия ойпатының тереңдігі 132 м, ал ұзындығы 50 шақырымға дейін жетеді. Қарақия сөзі қара аңның аңғары деген мағынаны береді екен.Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-жөнекей өтетін жолаушылардың назарын бірден өзіне аударады.Қарақия ойпаты өткен алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия шығанағын Шығыс Каспийді зерттеуші ғалым Александр Бекович-Черкасский құрастырған картаға түсірген деседі. Саура көлі Саура көлі үш жағынан тік жартастармен қоршалған, ол жартастардың тостаған тәрізді биіктігі шамамен 50 метрге дейін жетеді.Барлық адамдар өміріде өзінің жартысын іздейді. Саура шатқалынан 50 метрдей жердегі Саура өзенінің де екінші жартысы бар.Кішкене төбешіктен өткен соң, жаңа жолдар мен әсерлі көріністерге қызығушылар жарылған тостағанның екінші жартысын тамашалай алады. Жалғасы бар...