Қазақстандағы туризм: көрсеткіш қандай?

Қазақстандағы туризм: көрсеткіш қандай?
Фото: Kapital.kz

Еліміздің туристік аймақтарына келіп демалушы ел азаматтары мен сырттан келетін туристердің саны жыл сайын бір қалыпта болмайды. Себебі бұл көрсеткіш бірде құлап, бірде өсіп отырады. Сіздерге 2016-2017 жылдың қаңтар және шілде айларындағы жалпы есептік көрсеткіш бойынша ақпарат бергіміз келіп отыр.

2017 жылдың қаңтар және шілде айларында сырттан келетін турист саны 3,6 млн адамға жеткен. Бұл үлкен көрсеткіш және елдің жемісті жылы деуге болады. Осыдан екі жыл бұрын еліміздегі туризм саласы бойынша елге келетін туристердің келуі күрт азайып кеткен болса, соңғы жылдағы көрсеткіш жоғары нәтиже көрсетіп отыр. Салыстырмалы түрде қараған кезде өткен жылдармен есептесек келушілердің саны 20,5 пайызға өскен немесе бұл 605,9 мың адам дегенді білдіреді. 

Елімізге туристердің ағылып келген кезі 2013 жылдың қаңтар-маусым айларына тура келді. Яғни бұл кезде көрсеткіш 22,2%-ға дейін жеткен. Ал 2015-2016 жылы бұл көрсеткіш 7%-ға азайып кетті. 

Сырттан келуші туристердің ең көп бөлігін қамтамасыз еткен отандық мейрамханалар мен асханалар желісі, қонақ үйлер, демалыс орындары. Осы аталған салалар бойынша 6 айдың ішінде елімізге 416,2 мың турист келген. Бұл да жақсы нәтиже. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 28,7%-ға көп. 

Жыл сайын өсудің арқасында қазақстандағы ең негізгі демалу аймақтарының саны 12-ден 17-ге өсті. 

Бұл кесетеден еліміздің демалыс аймақтарына келіп демалған туристердің көрсеткішін көруге болады, (мың адам) есебінде қарастырыңыз:

М. Ақан