Туризм әлемдік экономиканың жетекші және ең серпінді салаларының бірі болып саналады. Оның ішіндегіСу туризмі белгілі бірсуобъектілері(өзендер,көлжағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (қайықтар,салдарт.б.) жүзу құралдары баржорықтардыұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер. Бүгін біз осы балық аулау туризмі туралы айтуды жөн санадық. Балық аулау арнайы кәсіп. Мал шаруашылығымен айналысқан қазақ өздері тұрған аймақтағы өзен-көлдерден балық аулауды да қатар алып жүрген. Бұл саламен айналысу үшін әрине, оның негізгі құпияларын білу керек. Ол не десеңіз,балықтың өмір салтын, қылықтарын, өмір сүру ортасын және ауа райының түрлі кезеңдеріне және қоршаған ортаның басқа жағдайларына қатысты мінезін білу деп айтар едік. Кез келген салаға бармас бұрын оны зерттеп алу шарт. Су температурасыны мен ағысының, атмосфера қысымының өзгеруі осы және басқа да факторлар балықшы үшін балық аулау орнын, уақытын, құралын, тәсілдерін және қармақжем таңдауда үлкен маңызға ие. Балық аулайтын қармақтың түрі өте көп. Соған сәйкес жұтпа, шортан қармақ,әттік, жебе,ине қармақ, т.б. болып бөлінеді. Көктем мезгілі нағыз балықтардың уылдырық шашатын уақыты деп есептеледі. Бұл кезде балық ауланбайды.Ұрпақ көбейту үшін қолайлы жағдай іздеген балықтар кейде бірқауым жерге көшіп барады. Тұщы суда өмір сүретін балықтардың мұндай орын ауыстыруы әдетте көктемде су толғанда орын алады. Көптеген балықтарда иіс сезу, дәм сезу мүшелері бар. Бұл оларға қаракөлеңке уақытта азық табуға көмектеседі.Балықтар көлдер мен су қоймаларынан шығып, оларға қосылатын өзендер мен бұлақтарға барып кіреді. Күздің соңына қарай уылдырық шашатын балықтар (мысалы, форель) да өзеннің бастауына шығу үшін судың көтерілуін пайдаланады.Алғаш мұз қатқан кез нағыз аулайтын шақ. Ал су тасу мен қабыршақ мұз пайда болған уақытта балықтар қармақ қаппайды.Көктем мен күзде таң атып қалғанда және кешке балық жақсы ауланады. Қыста көптеген су қоймаларында таңертең және түсте мол балық аулауға болады. Балық аулау өте жақсы демалыстың түрі. Бірақ әрдайым қоржының толы қайтпайсың. Балық шаруашылығы орналасқан су өзендеріне қарағанда ірі өзендер мен су қоймаларында балық аулаудың айырмашылықтары бар. Мәселен, Балқаш пен Қапшағай секілді. Шаруашылықтарда балық аулаудың ерекшелігі суға жемтік салып ұстайсың, ірі толқындар сенің салған жемтігіңді ағызып кетпейді. Сондықтан салған жемтігің бір балықты ұстауға еркін жетеді. Біздің көп аулайтын балығымыз сазан балығы. Ол негізінен ірі су қоймалары мен көлдерде тіршілік етеді. Көбіне тыныш әрі қалыпты су аумақтарын таңдайды. Кейде ағысының жылдамдығы төмен қорекке бай су қоймаларында да жиі кезедсіп жатады. Көктемнің соңына қарай су түбіне сіңіп кетеді. Сол жерде қыстап шығады. Тек жылу маусымы келіп, мұз толық еріген уақытта су бетіне шыға бастайды. Еліміздегімыңдаған ірілі-ұсақты көлдер мен өзендерден балық ауланады.Су айдындарының ең ірілері: Каспий теңізі, Балқаш, Алакөл, Зайсан көлдері, Қапшағай, Бөген, Бұқтырма бөгендері, Жайық, Ертіс, Есіл өзендері. Балық аулау туризмі бұл тек қана балық аулау емес, ұлттар мен мемлекеттің бір-біріне деген достық қарым-қатынасының нығаюуы, кәсіп көзі мен мәдени байланыс болып саналады. Аутфитерлер, яғни, кәсіби аңшылық пен балық аулау турларын ұйымдастырушылар, әлемдік балық аулау туризмі қарапайым аңшылықты бес есеге басып озып, ондаған миллиард доллар пайда түсіреді екен.