Қазақстандағы туристік бағыттар: Батыс Қазақстан

Қазақстандағы туристік бағыттар: Батыс Қазақстан
Фото: vk.com

Қазақстан Республикасы қазіргі таңда туризм саласы бойынша бәсекеге қабілетті елдердің алғашқы ондығына ілігіп тұр. Бұл тәуелсіз мемлекет статусында ширек ғасыр уақыт өмір сүріп келе жатқан ел үшін үлкен жетістік. Нарықтық экономика заманында туризмнің тиімді табыс көзіне айналатынын анық білген елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана саясаты негізінде айтарлықтай ілгері қадамдар жасалды.

Қазіргі таңда қалыптасып үлгерген белгілі бір жүйенің негізі Қазақстанның географиялық аймақтарын ескере отырып жасалғаны белгілі. Осы жүйе шеңберінде қалыптасқан туристік бағыттардың бірі – Батыс Қазақстан аймағы.

Батыс Қазақстан облысының орталығы – Жайық өзені бойында орналасқан Орал қаласы. Бұл аймақ шексіз ормандар мен су басқан шабындықтары мол құнарлы жер. Сарқылмайтын табиғи ресурстарға бай, тиімді әрі ыңғайлы географиялық орналасуы көптеген ресейлік қалалармен экономикалық қатынастарды дамытты, бұл сыртқы экономикалық қызметтің табысты дамуына қолайлы жағдайлар туғызды.

Батыс Қазақстан аймағы Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарын да қамтиды. Батыс аймағы бөлігінің аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 1200 километр, ал батысқа қарай 1300 километрге дейін созылады. Мұнда климат күрт континентальды, құрғақ келеді.

Аталған туристік бағыттың негізгі өзендері: Орал, Ембі. Индер, Аралсор, Камыш-Самара сынды ірі көлдер де бар. Ал, Каспий теңізі экономиканы дамытуда маңызды рөл атқаратыны баршаға белгілі. Өйткен, бұл жерде жүз жыл бойы мұнай өндірісі дамыды. Атырау қаласы – қара уылдырықты өндіру және өңдеу орталығы.

Ұлы Жібек жолы 2000 жыл бойы Маңғыстау аумағын арқылы өтті. Бүгінде сол маңыздылығын жоғалтпай негізгі туристік маршруттардың бірі болып қала бермек. Маңғыстаудың мұндай қызықты туристік бағыт болуына тек климат жағдайы мен ерекше флора-фаунасы ғана себеп емес, сондай-ақ, бірегей тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштері барлық әлеуетті туристер үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазақстанның ең бай өңірлерінің бірі саналатын Маңғыстауды «Қазыналы түбек» деп атаған. Бұл жер мұнай, газ, түрлі кендер мен минералдарға бай. Маңғыстаудың қазіргі заманғы мәдени мұрасы қалыптасқан, туризм және демалыс үшін аса тартымды жер болып отыр.

Батыс Қазақстан туристік бағытының тағы бір маңызды нүктесі – Ақтөбе облысы. Ол – Қазақстанның ең индустриалды аймақтарының бірі. Ол ауданы 300 мың шаршы метрді қамтиды. Ақтөбе облысы солтүстікте Ресеймен және оңтүстігінде Өзбекстанмен шектеседі. Бір қызығы, шығыс пен батыста Ақтөбе республикамыздың үш өңіріне қосылады. Шығысында - Қостанай, Қарағанды, Қызылорда; батысында - Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облысы жерлерінің бір бөлігі.

Атырау облысы да Жайық жағасында орналасқандықтан табиғи ерекшелігі арқылы көпшілікті өзіне магниттей тартады. Десе де, одан да маңызды себеп – оның тарихи-археологиялық әрі мәдени мұраға бай болуы.

Батыс Қазақстандағы археологиялық ескерткіштер

Археологтар Қызанның солтүстігінен ежелгі адамдардың жерлеу орындарын тапты. Олар б.з.д. IV-V ғасырларға тиесілі. Сарапшылар бұл орындарды зерделей келе осы аумақта өмір сүрген сақтар мен массагет сынды ежелгі тайпалар туралы жаңа деректер анықтады.

Шетпеден 18 километр қашықтықта орналасқан Ақмыш аймағы өзінің әдемілігімен ғана емес, сонымен қатар, Қазыл (қазақ тілінде «қызыл бекініс») тарихи қаласы арқылы туристерді қызықтырып отыр. Ақмышсайдан үш шақырым өткенде туристер көзіне Самал мен Сазанбай аталатын көркем шатқалдар көрінеді. Туристер үшін тағы бір тартымды қала – Форт-Шевченко. Қаладан 30 километр қашықтықта орналасқан жер экзотикасы тамсандырмай қоймайды. Онда таусылмас таза бұлақ суы, долана бұталары мен қарақат тоғайлар, қараағаш және терек жабайы ормандары бар.

Қорыта келе, Батыс Қазақстан туристік бағыты қазақ жеріне қызығушылық танытып, оның географиялық ерекшеліктерінен бастап, мәдени тұрмыс-тынысы мен тарихи тереңіне бойлаңысы келетіндер үшін аса маңызды маршруттардың бірі. Өйткені, жоғарыда атап өткендей, бұл аймаққа еніп отырған әр қаланың өзіндік ерекшелігі мен қайталанбас болмысы бар. Ендеше, Қазақстан Республикасының туристік бағыт ретінде көш ілгері келе жатқан Оңтүстік Қазақстан аймаңынана шалғай орналасуына қарамастан, Батыс Қазақстан маңыздылығы бәсеңдемейді. Керісінше, түрлі туристік қызметтерді бір аумақта шоғырландырған жан-жақты қызығушылықтарды қанағаттандыратын нысан ретінде көз тартады. 

А. Оралқызы