Қазақстандағы тұңғыш АЭС Ақтауда салынатын болды. Бұл туралы "ҚазАтомПром" ҰК АҚ инновациялық жобалар бойынша басқарушы директоры Валерий Шевелев ҚР жанындағы орталық коммуникацияларлар қызметінің ресми брифингінде жариялады, деп хабарлайды primeminister.kz.
"Станцияны салу жөнінде саяси шешім қабылданды. Станция Маңғыстау облысы Ақтау қаласында салынатын болады. Себебі онда бұрынғы АЭС-тен қалған инфрақұрылым мен қызметкерлер құрамы сақталған",-дейді Шевелев.
Атомды өнеркәсіп өкілінің сөзінше, АЭС құрылысын салу үшін халықаралық тендер де жарияланып қойыпты. Сондай-ақ, барлық келіп түскен үміткерлердің мүмкіндіктері теңдей қаралатын болады.
Естеріңізге салсақ, Ақтаудағы бұрынғы АЭС өз жұмысын осыдан 20 бұрын тоқтатқан еді. Қазір станция тек қана табиғи газбен жұмыс жасап, қаланы ауыз су және электр қуатымен қамтамасыз етіп отырған жалғыз кәсіпорын.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: novostivrut.blogspot.com