Қазақстандағы аптап ыстық 19 шілде күні де сақталады

Қазақстан аумағындағы ыстық ауа-райы 19 шілде күні де жалғасатын болады. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометке" сілтеме жасай отырып хабарлады. Синоптиктердің айтуынша, елдің батысы мен солтүстік-батысында ғана жауын жауып, жел тұруы мүмкін. 

Атап айтсақ, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарының тұрғындары аптап ыстыққа куә болады. Әсіресе Қызылорда, Қарағанды, Қостанай облыстары тұрғындары ерекше абай болғаны жөн. Ыстық ауа-райы өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жылдамдығы 15-20 метр/секунд болатын жел тұрады деп болжанып отыр. 

Астана қаласындағы орташа температура 34-36 градус шамасында болады. Алматы қаласындағы ауа-райы 32-34 градус шамасында болады деп күтілуде. 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

Tiktok парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!