Қазақстанда С гепатитіне шалдыққандар тегін емделіп жатыр

Қазақстанда С гепатитіне шалдыққандар тегін емделіп жатыр

«Саламатты Қазақстан»  денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде С гепатитімен ауырғандарды тегін емдеу жүргізілуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасы үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сұхбат берген  Медициналық жәрдем ұйымдастыру департаментінiң директоры Ажар Төлеғалиева: " Бүгін біз С гепатитімен ауыратындарды вирусқа қарсы препараттармен емдеуді бастадық. Бұл да қымбат тұратын ем. Мемлекет осы мақсаттарға жыл сайын 3,5 млрд теңге бөледі… Егер бұрын С гепатитімен ауырғандардың саны жылына 1 мыңға жуық болса, қазір жылына 2 мыңға дейін ауырғандар анықталатын болған", - деді.

Маман, сонымен қатар, ол аталған аурулар бойынша 2011 жылдан бастап скринингтік зерттеулер енгізілгенін айтты.

"Қазақстанда ТМД елдерiнің арасында алғашқы болып вирустық гепатитті анықтауға скрининг өткiзілдi. Бұл өте қымбат тұратын зерттеу. Қазіргі кезде балалар мен ересектердің арасында В және С гепатиттерін анықтау үшін тегiн скринингтен өткізіліп жатыр", - делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетелік, 2012 жылғы В және С гепатиті анықталғандар 3 888 адамнан, ал 2011 жылы 2 116 адамнан байқалған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: is-med.com