- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда полицейлердің жалақысы...
Қазақстанда полицейлердің жалақысы өсті
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жалақысы өсті. Бұл туралы еліміздің ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.
"2013-2015 жылдарға арналған республикалық бюджет бойынша еркін бюджеттік тапсырыс құрамына Ішкі істер министрлігі ІІО қызметкерлерінің арнайы шендері үшін төленетін үстемақы көлемін өсіру ұсынысын жасап, Республикалық бюджеттік комиссия бұл ұсынысты қолдады - 35 322,5 млн теңге", - делінген таратылған ақпаратта.
2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы шендер үшін төленетін үстемақының өскен көлемі ескеріліп бекітілген қаржының орташа мөлшері келесідей:
- аудандық ішкі істер басқармасының бастығы, 20 жыл қызмет атқарған полиция полковнигі - 226 405 теңге (қазіргісі 175 562 теңге);
- учаскелік полиция инспекторы, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция капитаны - 134 667 теңге (қазіргісі 100 618 теңге);
- оперативтік уәкіл, аудандық деңгейдегі тергеуші, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 117 733 тенге (қазіргісі 72 535 теңге);
- орталық аппарат оперативтік уәкілі, 5-7 жыл қызмет атқарған полиция майоры - 142 397 теңге (қазіргісі 97 199 теңге).
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттау тобы жұмыстарының екінші кезеңі аясында Алматы қаласына келген кезінде ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитетінің төрағасы – полиция майоры А. Выборов мәлім еткен болатын.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: dailynews.kz