Қазақстанда "Отбасы күні" ресми түрде тойланатын болды

ҚР Президенті Жарлығымен бұл мереке қыркүйек айының екінші жексенбісі күні тойланатын болды. Оның мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайту.

Осылайша, "Отбасы күні" Қазақстанда 8 қыркүйек күні тұңғыш рет аталып өтілмек, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникация қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаеваның сөзіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған байланысты өткен арнайы брифингте ол былай деді: «8 қыркүйек күні Қазақстанда тұңғыш рет "Отбасы күні" тойланатын болады. Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, бұл күн қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтілмек».  

Сондай-ақ Әбибуллаев жиналғандарға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет отбасыдан басталатынын, сол себепті де біздің қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор екендігін бірнеше рет айтқандығын да еске сала кетті.  

Одан бөлек, "Отбасы күнін" тойлау аясында 6 қыркүйек күні Астана қаласында әйелдердің республикалық кеңесі «Отбасы және ұрпақтық-әлеуметтік әділеттілік» атты халықаралық конференция өткізетіні де белгілі болды.

Осыған дейін республикада "Отбасы күні" мерекесін бекіту ұсынысын әйелдер ісі және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі Қазақстанның Ұлттық комиссиясы 2009 жылы білдіргендігі хабарланған еді. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: mindbodygreen.com