- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда Құтқарушылар күні...
Қазақстанда Құтқарушылар күні атап өтіледі
Ертең, 19 қазан – Құтқарушылар күні. Атаулы мереке осыдан 22 жыл бұрын, дәл осы 19 қазан күні Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар комитетінің құрылуына байланысты белгіленді. Комитет қызметкерлерінің кәсіби мерекесін бекіту туралы құжатқа осы күні ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Төтенше жағдайлар комитетінің деректеріне сүйенсек, тәуелсіздік алғаннан кейінгі 25 жыл ішінде құтқарушы бөлімшелер 330 мыңнан астам адамды өлім аузынан аман алып қалды, 34 мыңнан астам жапа шеккендерге медициналық алғашқы көмек көрсетті, 1 милионнан көп апаттық жағдайларды ауыздықтап, адам өміріне төнген қауіптіліктің алдын алды.
Өткен бір жылдың ішінде өрт сөндірушілер, жедел құтқарушылар және басқа да бөлімшелер 50 мыңға жуық шақыртуларға барып, 6500-ден астам адамды құтқарды, 40 мың адамды төтенше жағдайлар болған орыннан алып шығып, жанына тыныштық сыйлады, 5 мыңға жуық адамға алғашқы көмек көрсетті.
Бүгінде азаматтық қорғаныс бөлiмдерi 32 мыңнан астам адамнан құралады және құтқару жүйесін жеңілдетет түсетін заманауи техникамен, құрал-сайманмен жабдықталған. Осы жабдықтар арқылы табиғаттағы зілзаланы да, техногендік жағдайларды да реттей алады.
Құтқару күші негізіне 16 өрт сөндіру қызметі және апатты жағдайдан құтқару жұмысы, 10 жедел құтқару жасағы, 5 республикалық және аймақтық аэромобильдi жедел-құтқару жасақтары, медициналық зілзала орталығы, 40 жолдағы медициналық құтқару пунктісі, Көкшетау техникалық институты, Қазселқорғау, «Қазәуеқорғау» АҚ, «Өрт сөндіруші» кіреді.
Қазақстан Республикасының «Азаматтарды қорғау» туралы заңы да дұрыс жүзеге асып келеді. Ол тұрғындардың қауіпсіздікте өмір сүруіне қамтамасыз етуге бағытталған.
Жыл сайын Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінде Құтқарушылар күні құрметіне мерекелік шаралар ұйымдастырылады.
@. @assel_assanova