- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда күн суытып,...
Қазақстанда күн суытып, нөсер жаңбыр жауады
Фото:
kharkov.comments.ua
Қазгидромет синоптиктері 24, 25 және 26 мамыр күндері Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандар Екатеринбург облысындағы циклонмен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелер ауа райының тұрақсыз сипатын анықтайтынын атап өтті.
"Республиканың көптеген облысында найзағай ойнап, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Ал 26 мамырда түнде солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің батысына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның салдарынан, жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы аздап төмендейді. 24 мамырда орталық пен шығыста аяз болады. 26 мамырда батыста 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін", - делінген хабарламада.
Т. Раушанұлы