- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда күн күрт...
Қазақстанда күн күрт суытады және қатты жаңбыр жауады
Фото:
Yernar Almabek\Massaget.kz
Синоптиктер Қазақстанда 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, республиканың басым бөлігінде фронталь ауа райы әсерінен жаңбыр жауады. Солтүстікте найзағай ойнап, қатты нөсер болады. Тек Оңтүстік облыстарында күн құрғақ болады.
Т. Раушанұлы"8-9 қыркүйекте түнде Қостанай, 9 қыркүйекте Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында минус 2 градус үсік жүреді. Республиканың батысында, солтүстік-батысында түнде ауа температурасы 5–10, күндіз 14–22 градус, Солтүстікте және Орталықта ауа температурасы түнде 2–7, күндіз 13-23 градус, Шығыста түнде 7–12, күндіз 20–25 градус жылы болады. Республиканың Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 10–15, күндіз 22–27 градус жылы болады деп болжанған".