Ішкі істер министрлігі атыс қаруын өз еркімен тапсырғаны үшін қазақстандықтарға қанша өтемақы төленетінін айтты.
Елімізде өз еркімен тапсырылған атыс қаруы үшін сыйақы мөлшері әрбір қару үшін 30 000 теңгеден 306 000 теңгеге дейін немесе 10-нан 100 АЕК-ке дейін төленеді. Бұл туралы брифингте ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару-жарақты бақылау департаментінің басшысы Асылбек Идирисов мәлім етті.
Өтемақының мөлшерін облыстың, қаланың және ауданның әрбір полиция органында құрылған комиссия белгілейді.
"Еліміз азаматтары 306 000 теңгені автоматтық қарудың бір данасы үшін ала алады. Бұл соманың жартысы винтовка мен карабиндер үшін төленуі мүмкін. Револьвер мен тапанша үшін 120 000 теңгеге дейін төленеді. Тегіс ұңғылы қарудың әрбір данасы 91 000 теңгеге бағалануы мүмкін", - деді Идирисов.
Төлемдер сомасын анықтау кезінде комиссия қарудың техникалық жағдайын ескереді.Олардың әрқайсысы үш санатпен белгіленеді. Бірінші санаттағы қарулар үшін төлем құнының 100 пайызы, екінші санат үшін – 70 пайыз және үшінші санат үшін – 30 пайыз мөлшерінде төленеді.
"Бірінші санат - пайдалануға жарамсыз немесе жарамды, бірақ тауарлық түрін жоғалтқан қару. Екінші санат – жеке техникалық ақаулары бар қару, оның ішінде одан әрі қолдануға кедергі келтіретін бөлшектердің бетінің жұмсақ коррозиясы бар. Мұндай қаруларды жөндеу арқылы қалпына келтіруге болады. Үшінші санаттағы қаруларға одан әрі пайдалануға жарамсыз және техникалық ақаудың болуына байланысты пайдалану қауіптілері жатады. Онда техникалық немесе экономикалық себептер бойынша бөлшектерді қалпына келтіру іс жүзінде мүмкін емес,"- деп түсіндірді Идирисов.
Сыйақы төлеу мерзімі бір ай.
"Комиссия атыс қаруы, оқ-дәрілер немесе жарылғыш заттар деп танымаған заттар, тіркелген немесе қылмыстық қаруға ақша төленбейді. Сондай-ақ, үйде жасалған оқ-дәрілер, тегіс ұңғылы қарулар және газ, травматикалық қаруға өтемақы төленбейді", - деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін елімізде қару ұстау тәртібін жазған болатынбыз.