Қазіргі уақытта республикада 20 әуежай жұмыс істейді. Сондай-ақ жергілікті әуе желілерінің 3 әуеайлағы (Үржар, Үшарал, Зайсан) және өндірістік мақсаттағы 1 әуеайлақ (Тенгиз) бар. Бұл туралы ҚР ИИДМ телеграм арнасы жазды.
Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Орал, Талдықорған, Тараз, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Өскемен, Семей, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш және Боралдайда әуежай бар. Оның 15-і мемлекеттік әуежай, 8-і жеке меншік, 1-і концессияда.
17 әуежайдың халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге рұқсаты бар. 17-сі ИКАО стандарттары бойынша санатталған, оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы әуежайлары III санат, Атырау әуежайы II санат және басқа әуежайлар I санатта. Бұл оларға әуе кемелерін күрделі метеожағдайларда қабылдауға мүмкіндік береді.
2019 жылы Қазақстан әуежайлары шамамен 17,7 млн жолаушыға қызмет көрсетті. Авиациялық нарықтың шамамен 70% Алматы (7,2 млн жолаушы) және Нұр-сұлтан (5,1 млн жолаушы) әуежайларына тиесілі. Тәуелсіздік жылдары 18 әуежайда ұшу-қону жолақтары қайта жаңартылды, 12 әуежайда жолаушылар терминалдарын қайта жаңарту жүргізілді.