Алматыда 28 қарашаның кешінде Қабылдау үйінің залында Fun Fearless Female марапатының лауреаттары анықталды. Халықаралық байқаудың Қазақстандағы ұйымдастырушылары – "Cosmopolitan" журналы.
Fun Fearless Female көңілді, батыл ару деген мағынаны білдіреді. Бұл сыйлық өмірдің түрлі салаларында жетістікке жеткен батыл, ақылды аруларына сый-құрмет ретінде тағайындалған.
Биыл "Жыл әйелі" дегенбасты марапат пен әдемі мүсіннің иегері «Жылдың бизнес-аруы» номинациясындағы Дана Орманбаева атанды. Оған қоса Дана 1 миллион тенге сыйлығына ие болды. Дана Орманбаева – заманауи сәтті әйелдің эталоны. Ол танымал продюсер және event-менеджер, Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі. Дана жеке өмірінде де бақытты, қазірде ол 4 баланың анасы, ал оның өмірлік жолдасы – танымал шоумен және телепродюсер Даут Шайхисламов.
Кеште әр салада сәттілікке жеткен нәзік жандылар марапатталып отырды.
"Жыл әншісі" – Динара Сұлтан
"Жыл дизайнері" – Айнұр Тұрысбек
"Үлгі алуға тұрарлық ару" мүгедек спортсмен Гульбану Абдыхалыкова атанды
"Жыл радиожүргізушісі" – Мария Зубенко
"Жыл тележүргізушісі" – Аша Матай
Динара Бақтыбаева "Жыл жаңалығы" марапатымен бірге Италияға сапарды ұтып алды
"Жыл моделі" – Алена Субботина
"Жылдың интернет тұлғасы" – Светлана Ромашкина
"Жыл актрисасы" – Әсел Сағатова
Сурет: forbes.kz