Қазақстанда жаңа бағыттарға әуерейстері ашылады

Қазақстанда жаңа бағыттарға әуерейстері ашылады

"Осы жылы Қазақстанның әуе компаниялары 13 жаңа әуе бағытын қосады", - деп хабарлайды елдің Транспорт және Коммуникация Министрлігінің баспасөз қызметі. 

2014 жылы Қазақстанда он үш әуе бағыты іске қосылады  және Қазақстанның әуе флоты 14 жаңа ұшақ (төртеуі алыс бағыттағы және оны орта диапазонға арналған) иемденеді. Алдағы жоспарлы жұмыс Қазақстанның әуежайларының инфрақұрылымын дамыту мақсатында Алматы және Астана қалаларындағы халықаралық әуежайлардағы жолаушы терминалдарын қайта жөндеу жұмыстарын қамтиды.

Осы жылы Астана, Алматы және Ақтау қалаларындағы әуежайлар жолаушыларға қызмет көрсету саласында шектеулі стандарттарды енгізуі тиіс екенін басшылық нықтап айтып өтті.
"Біздің жолаушылар реті әр жылда көбейіп келеді, ал оларға қолайсыздық тұдырмау мақсатымен Алматы мен Астана әуежайларындағы жолаушы терминалдарының ауқымын үлкейтіп, қайта құруды жоспарлап отырмыз", – деді Транспорт және Коммуникация Министрлігіндегі Азаматтық Авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев. "Біз 2017 жылға қарай басты қалаларымыздағы әуежайлар мүмкіндіктерін екі есе ұлғайтуды іс  межесіне тиеп отырмыз. Бұл жоспарлар Қазақстанның ЭКСПО 2017-де қонақжайлылығын көрсетудегі дайындықтарының бір бөлігі болып табылады."



"Бізде қайта жөңдеу жұмыстарына қатысты үкімет пен жеке инвесторларды қоса тартатын ауқымды жобалар бар", – деп қоса кетті ол.

2013 жылы Алматы әуежайы 4.3 миллион жолаушыға қызмет көрсетті және ол 2012 жылға қарағанда 8 пайызға артық. Алматы әуежайы Қазақстандағы ең үлкен әуежай және ол толығымен Амстердамда тіркелген Venus Airport Investments B.V. компаниясына тиесілі.

2013 жылы Астана әуежайы 2.6 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, және ол 2012 жылға қарағанда 13 пайызға артық. Астана әуежайы Қазақстандағы ең үлкен екінші әуежай болып табылады. Бұл әуежай мемлекетке тиесілі.

Дайындаған: Жолдас Өрісбаев

Сурет: www.mtc.gov.kz

Ж. Өрісбай