Ұлттық статистика бюросы 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының санын есептеді.
Елдегі жалпы халық саны – 18 миллион 962 мың 892 адамға жетті. Сонымен бірге жыл басында Қазақстанда 18 миллион 879 мың 552 тұрғын болған. Халықтың өсімі 83340 адамды құрады.
Аймақтар бойынша ең көп халық
Халық саны жөнінен аймақтар бойынша бірінші орынды Алматы облысы алады. Мұнда 2 миллион 86 мың 387 адам тұрады. Түркістан облысының тұрғындарының саны 2 миллион 52 мың 484 адамды құрайды. Алматыда 1 мамырдағы жағдай бойынша 1 миллион 993 мың 67 адам бар. Төртінші орында 1 миллион 376 мың 101 тұрғыны бар Қарағанды облысы тұр. Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 362 мың 583 тұрғын бар.
Төрт айда Нұр-Сұлтан тұрғындарының саны – 14 мың 672 адамға артты. 1 мамырдағы елорда тұрғындарының жалпы саны – 1 миллион 199 мың 83 адам болған.
Халықтың өсуі
Халық санының ең үлкен өсуі Алматы (+15 809 адам), Шымкент (+15 694) және Нұр-Сұлтан (+14 672) қалаларында байқалған.
Халық саны азайып бара жатқан аймақтар
Солтүстік Қазақстан облысында қайтыс болғандар саны туғандар санынан 407 адамға артық («Халықтың табиғи өсімі» бағанындағы теріс көрсеткіші бар жалғыз аймақ). Жалпы, Солтүстік Қазақстан облысының халқы 2021 жылдың төрт айында 1 536 адамға азайды.
Қостанай облысының халқы да 1374 адамға азайды.
Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарының саны – 1 214-ке азайды.
Сонымен қатар, Павлодар облысында халықтың сны – 652 адамға азаюы тіркелді.
Қалалар мен ауылдар
Қазақстанның ауыл тұрғындарының саны 1 мамырдағы жағдай бойынша 7 миллион 741 мың 832 адамды құрады.
Елдегі қала тұрғындарының саны – 11 миллион 221 мың 60 адам.