- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда аптап қашан...
Қазақстанда аптап қашан басылады?
20 және 21 шілдеде Қазақстанның солтүстік, шығыс және батыс өңірлерінде ыстық басылады, күн күркіреп, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Алайда еліміздің қалған аумағында 20 және 21 шілдеде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атырау, Павлодар, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 38 градусқа жетеді.
Алматы, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында өте ыстық болады деген болжам бар.
Қызылорда облысында ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтеріледі, кей жерлерде сынап бағанасы 46 градусқа жетеді.
Сондай-ақ, қатты ыстық Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында сақталады.
А. Рысдәулет