- Негізгі бет
- Қазақстаным
- Қазақстанда алдағы демалыста...
Қазақстанда алдағы демалыста күн суытады
Қазақстандықтарды суық демалыс күндері күтіп тұр. Синоптиктер 18-20 қыркүйекке еліміздің ауа райы болжамын ұсынды.
Болжам бойынша, суық солтүстік антициклон жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының төмендеуіне себеп болады, алдымен батыста, содан кейін республиканың қалған бөлігінде күн суытады. Сонымен бірге, демалыс күндері Қазақстанның солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады, жел күшейеді.
Т. Раушанұлы"Республиканың батысында ауа температурасы түнде аздап жоғарылайды: 2 градус аяз – 10-нан 1-13 градусқа дейін жылы, күндіз 13-20-дан 15-23 градусқа дейін жылы: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде термометрлер -3-тен +5 градусқа, күндіз 7-15 градусқа дейін жылы; шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 10-18-ден 2-10 градусқа дейін, күндіз 20-28-ден 10-18 градусқа дейін жылы болады. Ал республиканың оңтүстігінде: түнде 10-20, күндіз 25-30-дан 17-25 градусқа дейін жылы", - делінген хабарламада.