Қазақстанда алдағы 3 күнде күн суып, ауа райы температурасы 2 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанда алдағы 3 күнде күн суып, ауа райы температурасы 2 градусқа дейін төмендейді
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазақстанда күн суытып, ауа райы температурасы 2 градусқа дейін төмендейді. Бұл туралы Қазгидромет мәлімдеді.

Нұр-Сұлтанда 31 тамыз бен 2 қыркүйекте ауа райы температурасы 2 градусқа дейін төмендеп, күн суытады.   Елорда тұрғындары алдағы суық туралы SMS хабарлама алды.

31 тамыз -1 қыркүйек аралығында дәл осындай температура Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында болады.

 "2-3 қыркүйекке қараған түні Павлодар облысының батысында, солтүстігінде және шығысында. 2 қыркүйекке қараған түні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында және шығысында,  Ақмола облысының солтүстігінде, батысында және шығысында, Қарағанды ​​облысының солтүстігі мен шығысында,  3 қыркүйекке қараған түні Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында ауа райы 2 градусқа дейін төмендеп, аяз күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.

Сонымен бірге, еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды.

А. Оралқызы