Синоптиктердің айтуынша, 19 ақпан күні Қазақстанның көп бөлігі жауын-шашынсыз болады. Кейбір аудандарда тұман түсіп, екпінді жел тұруы мүмкін.
Елдің батысы мен оңтүстігінде қатты жел соғып, жауын жауып, көктайғақ болады деп күтілуде. Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Ал Алматы облысының кейбір аймақтарындағы желдің жылдамдығы секундына 28 метр болады деп күтілуде.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қызылорда облыстарында көктайғақ болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында боран, Алматы облысының солтүстік аймақтарында аяз болады деп күтілуде.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: metronews.ru