Қазақстан туралы ең қызықты мәліметтер

1. Қазақстан жерінде 130-дан астам ұлт өкілдері тұрады;

2. Қазақстан мен Ресей шекарасы –  әлемдегі ең ұзын құрлықтық шекара (7 512,8 шақырым);

3. Екібастұз ГРЭС-2 түтін мұржасы дүниедегі ең биік мұржа болып саналады;

4. Қазақстан әлемде уран өндіруден 2005-2006 жылдары үшінші, ал 2009 жылы бірінші орынға шықты (13 500 тонна);

5. Қазақстан Республикасы  жер көлемі жөнінен дүниеде тоғызыншы, мұхитпен шектеспейтін елдердің арасында бірінші орынды алады;

Бірінші ондыққа кіретін мемлекеттер:

1. Ресей

2. Канада

3. ҚХР

4. Америка Құрама Штаты

5. Бразилия

6. Австралия

7. Үндістан

8. Аргентина

9. Қазақстан

10. Судан

6. Қазақстан – қызғалдақ пен алма отаны;


7. Жылқы алғаш рет Қазақстан аймағында қолға үйретілген;

8. Медеу –  таудың ең биік бөктерінде орналасқан мұз айдыны;


Тап қазіргі уақытта Медеу қысқы спорт түрі  бойынша көлемі жағынан ең үлкен және ең биікте орналасқан  мұз алаңы болып саналады (10,5 мың м²). Таудың биік жартастары әлемдік рекордты жаңарту  үшін өте қолайлы жер. Медеу мұз айдынында 170 әлемдік рекорд орнатылған.

9. Жердің алғашқы  жасанды серігі (Спутник-1) мен бірінші ғарышкер адам Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты.

10. Байқоңыр – әлемдегі  бірінші және ең үлкен ғарыш айлағы. Ол Қазақстан жерінде Төретам кентіне жақын ауданда табан тіреген.  Көлемі  6717  шаршы  шақырым.

11. Орыс тілінің «деньги» сөзі Қазақстан елінің қазіргі валютасы «теңге» сөзінен шыққан.

12. 1968 жылы ақпанның жиырмасы күні  Қазақ ССР  темір жолы салмағы  43,4 мың тонна, ал ұзындығы  6,5 шақырым болатын  440 вагонымен  әлемдік рекордты жаңартқан.

13. Алматы Көк-Төбе телемұнарасын теңіз деңгейінен төмен есептейтін болсақ, онда ол   дүниежүзіндегі ең биігі болып есептеледі.


Алматы телемұнарасы 1978-1982 жылдар аралығына салынды. 1984 жылдан бастап қолданысқа берілген. Телемұнара 600 миллион рубльге (теңгеге шаққанда  2 879 400 000 болады) салынып, сейсмологиялық талаптарға сай өте берік етіп тұрғызылған.

14. Ұлы Отан соғысы кезінде майданға жіберілетін  әр оқтың үшіншісі осы қазақстандық қорғасын өндіретін шеберханаларда жасалған. 

Оқи отырыңыз:

Массагет – Түркістан сапары

Қазақстандағы ерекше ескерткіштер

Демалысты пайдалы өткізгіңіз келсе...

Қазақ тілінде сөйлеу сәнге айналса...

Алматыдағы "Ақ Ерке" жазғы демалыс лагері шақырады

2014 жылы Қазақстанның қай аймақтарына саяхаттауға болады?

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: altaynews.kz,pux.su,almatylife.kz