Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Мұражайына сапар

Еліміздің бас қаласы Астанада ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайы қонақтардың баратын басты орынына айналды. Ал жақында Президент күніне орай ашылған "Тарихи Таңдау" атты Елбасымыздың жеке мұрағаты қорынан ұйымдастырылған көрмеде бұрын-соңды ешкім көрмеген, тарихи маңызы бар іс-қағаздар мен экспонаттар көпшіліктің назарына ұсынылды.

Көрмеде Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мұрағатынан бірегей материалдар жинағы: қолжазбалар, жұмыс блокноттары, күнделіктердегі жазбалар, ресми құжаттар, алғаш сайлау науқаны кезіндегі фото және бейне материалдар жиналған.

Арнайы жабдықталған бөлмеде сондай-ақ Елбасының жеке заттары, оған берілген кәдесыйлар, жәдігерлер топтамасы бар. 

Елбасының күн тәртібі мен маңызды құжаттарға қол қойған қаламы - оның жеке сыйлықтары қатарынан.

Сайлау науқанындағы Президенттің дайындаған ундеу сөздері.

Әр жыл маусымдарға бөлініп, тапсырмалар қойылған.

Тұңғыш Президенттің алғаш Президенттік куәлігі.

Ал мынау әр қазақстандық үшін ең маңызды құжат - Тәуелсіздік туралы Заң.

Арнайы жабдықталған кинобөлмеден сайлау науқанына байланысты бейне материалдарды көруге болады.

Президенттің тағы да бір тарихи шешімі Астананы бас қаламыз ету болған. Осы орайда көрмеде Астана кілті де лайықты орнын алды.

ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайы қызметкері, сарапшы Әубәкірова Жадыра Бейбітқызы бұл саяхатты қызықты деректермен толықтырып отырды.

 

Үлкен мұражайға қазірде оқушылар, Астана қонақтары, қарапайым тұрғындар келуде. "Тарихи Таңдау" көрмесі 27 қаңтарға дейін жалғаспақ.

 

Материалды дайындауға көмектескендері үшін ҚР Тұңғыш Президенті Мұражайының әкімшілігіне рақмет айтамыз.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова