Қазақстан Республикасы

Жалпы мәлімет

Ресми атауы: Қазақстан Республикасы

Басқару формасы: президенттік республика

Әкімшілік бөлінуі: 14 облыс

Астанасы: Астана, 708 924 адам (2010 жыл)

Тілі: қазақ, орыс

Этникалық құрамы: қазақтар – 63,1%, орыстар - 23.7%, өзбектер - 2,9%, украиндықтар - 2.1%, ұйғырлар - 1,4%, татарлар - 1.3%, немістер - 1,1%, басқа ұлт өкілдері - 4.4%

Діні: ислам, христиан, иудаизм, буддизм

Ақша бірлігі: теңге

Ірі қалалары: Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды

Ірі өзендері: Ертіс, Есіл, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Тобыл, Нұра

Ірі көлдері: Каспий және Арал теңіздерінің акваториялық бөлігі, Алакөл, Балқаш, Үлкен Алматы көлі, Бурабай, Зайсан, Бұқтырма су қоймасы

Ірі порт: Ақтау (Каспий теңізі)

Басты әуежайлары: Алматы, Астана халықаралық әуежайлары, Сары-Арқа әуежайы (Қарағанды)

Аумағы: 2 724 900 шаршы шақырым

Халық саны: 16 009 597 адам (2009 ж.)

Халық тығыздығы: 5,9 адам/ шаршы шақырым

Ең биік шыңы: Хан Тәңірі, 6995 метр

ЭКОНОМИКА

ЖІӨ: 21 трлн. 513,5 млрд. тенге  (2010 ж.)

Өнеркәсібі: түсті және қара металлургия, мұнай және газ, мыс, күміс, алтын, марганец, боксит, қорғасын шығару, химия өнеркәсібі, құрылыс материалдарын өндіру, электромотор жасау

Ауыл шаруашылығы: мақта, жеміс-жидек, көкөніс, астық өсіру; отарлы мал шаруашылығы

Экспорт: химия, металл, жанармай, отын өнеркәсібінің шикізаттары. Экспорт бойынша негізгі серіктес мемлекеттер: ТМД және Балтық елдері, ГФР, Түркия, Швейцария, Чехия, Италия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея. 2010 жылдың шілде айынан бастап, Қазақстан, Ресей және Белорусь елдері Кедендік Одақ жұмысын бастады.

Импорт: көлік және құрал-саймандар, автоматтар, химия өнімі, минералды отындар, азық-түлік өнімдері, тұрмыстық заттар.

Қызмет көрсету саласы: туризм (экологиялық және танымдық)

Климаты: континентальды, құрғақ

Жаз мезгіліндегі орташа температурасы: солтүстікте +19ºС, оңтүстікте +29ºС

Қыс мезгілінің орташа температурасы: солтүстікте -18ºС, оңтүстікте -3ºС

Жауын-шашын мөлшері: 200 мм (шөл мен жазық далада), 1600 мм (таулы аймақтарда)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!