Бүгін ҚХР басшысы Си Цзиньпин ресми іс сапармен Қазақстанға келді. Осы сапар аясында еліміздің Қытаймен шектесетін аймағындағы Сүмбе өзенін су тарту нысанын бірлесіп басқару және пайдалану туралы келісімге келді.
Екі жақты келісім құжатына Қазақстан атынан ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекова, Қытай Халық Республикасы атынан Су шаруашылығы министрінің орынбасары Тянь Сюэбинь қол қойды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі келісімге қол қоя отырып су қатынасы екі ел арасындағы ынтымақтастық пен бірліктің көрінісі екенін атап өтті.
«Еліміз екі жақты кездесулерде су мәселесін жүйелі түрде талқылап отырады. Біз өзара құрмет пен тату көршілік қағидаттарына негізделген жан-жақты ынтымақтастығымызды одан әрі тереңдетуге ниеттіміз», –деді Әлия Шалабекова.
Экология министірінің айтуынша мұндай құжатқа қою Сүмбе өзеніндегі су ресурстарын ұтымды пайдалануға және ауыл шаруашылығы үшін су алуды жақсартуға мүмкіндік береді.
Қытайдың Су шаруашылығы министрінің орынбасыры да өз сөзінде Сүмбедегі су тарту нысанын бірлесіп басқару екі ел ынтымақтастығын одан әрі нығайта түсетінін айтты.
Айта кетейік, Жасыл Қазақстан ұлттық жобасының бір бағыты «Үнемді Қазақстан» деп аиалады. Ол бойынша елімізде суды, электр энергиясын және т.б үнемдей жоспарланған. Бірінші қыркүйектегі жолдау кезінде еліміз басгысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығында егінді суғару кезінде судың 40 пайызы шығын болатынын атап өтті.
Биылғы «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын талқылау барысында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловқа есеп беру барысында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев еліміздегі су каналдарының 900 шақырым қайта жөндеуден өткенін жыл соңына дейін жалпы 1720 шақырым су каналы қайта жабдықталатынын атап өткен болатын.
«Биыл елімізде суды үнемді пайдалану бойынша бірқатар істер атқарылып жатыр. Сырдария өзенінің 50 шақырымы тазартылды. Аралға су құю кезінде 200 миллион текше метр су үнемделді. Сонымен қатар Ақтөбе облысындағы Шалқар көлін тазарту жұмысы жалғасып жатыр», - деді ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі.
Елімізде ұзындығы 21,5 мың шақырымға жуық 3,5 мың магистралді су каналы бар. Оның 11,9 мың шақырымын қайта құру бойынша жұмыс жоспарланған. Былтыр 5,6 мың каналды қайта жаңғыртылған. Ал, 2025 жылға дейін қалған 6,4 мың каналды қайта жаңарту көзделген. Нәтижесінде су шығыны 16 миллиард текше метрге азаяды. Гидротехникалық құрылыстарға келетін болсақ 5 жыл бұрын еліміз бойынша 41 авариялық нысан болған. Оның 16-сы жөнделді. Биыл алтауы қалпына келтіреіледі. Қалған 19-ы алдағы 3 жылдың ішінде қайта жаңартылады. Бұл шашамен 800 миллион текше метр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар 2025 жылға дейін 9 ірі су қоймасын салу жоспарланған. Олардың жалпы көлемі 1,7 миллиард текше метрді құрайды. Өткен жылы Түркістан облысында Кеңсай-қосқорған су қоймасы пайдалануға берілді. Осы жұмыстардың нәтижесінде суғару кезінде су шығынын 4 миллиард текше метрге дейін азайту жоспарланған.